2025 - 2027 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 172/29 шешімі
(2025.12.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2025.05.02. № 186/31 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.05. № 201/34 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.04.07. № 215/36 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2025.15.08. № 217/37 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.09. № 222/38 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2025-2027 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 20968184 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 15267386 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 58324 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2055063 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 3587411 мың теңге;
2) шығындар - 17835370 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -160372 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 55048 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 215420 мың тенге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 317450 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 317450 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;